Батырға құрмет – ұрпаққа міндет

Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінде «Қазақтың қайсар қызы» атты Мәншүк Мәметоваға арналған шара өтті. Оған бөлім сарбаздары мен жеке құрам қатысып, арнайы әзірленген бейнематериалдарды тамашалады. Сонымен қатар, «Хабар» телеарнасы ұсынған «Мәншүк» телесериалының трейлері көпшілік назарына ұсынылды.

Батыр» деген сөз тіркесін естігенде, иығы қақпақтай, көзі қырандай өткір, күш-қуаты тасыған ер-азаматтың бейнесі көз алдымызға елестейді. Бірақ, майдан даласында ер-азаматтармен бірге иық тірестіріп, жауға қарсы тұрған батыр қыздарымыз да бар. Солардың бірі – пулеметші Мәншүк Маметова. Әрі Кеңес Одағының батыры атағын алған алғашқы қазақ қызы.

– Мәншүк Мәметованың есімі адамзат тарихында қанмен жазылған. Оның өмірі мен ерлігі турасында талай тағылымды естеліктер жазылды, жазыла да бермек. Миллиондаған адамдардың бейбіт тірлігі жолында өз өмірін құрбан еткен гүліміздің есімі, өсіп келе жатқан ұрпаққа аманат. Шығыс қыздарының арасынан бірінші болып батыр атағын алған әйгілі пулеметші бүгінде қазақ халқының ғана емес, бүкіл Азия жұртының мақтанышы. Даңқты пулеметші, қазақтың батыр қызының есімі халық жүрегінде мәңгілік қала бермек, – дейді шараны ұйымдастырушы Әмина Мағауина.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.