Жаңалықтар

Басылым бәйгесі

6 мамырда Қарағандыда облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрлі эстафетасының жалауы желбіреді. ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңіс мерекесіне орайластырылған басылымның бәйгесі осымен 72-ші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Эстафета «Достық үйі» ала­ңынан бастау алды. Жүгіру қа­шықтығы 5,7 шақырымға созылды. Барлығы 210 команда қатысты. Яғни, 2800 адам қамтылды. Жүгірушілер 7 топқа бөлініп жарысты.

Қатысушылардың басым көпші­лігі – жастар. Дегенмен, қариялар, денсаулығына байланысты топқа енгізілгендер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен әуесқой жүгірушілер де бұл бәсекеден тыс қалмады. Олар арнайы қарастырылған «Достық» тобында жарысқа түсті. Эстафета соңында үздіктер қатарынан көрінген спортшылар басылымның марапаттарына ие болды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button