Жаңалықтар

Барымташылар қашанғы байиды?

Менің қолыма қалам алуыма – «Орталық Қазақстан» газетінің 2021 жылғы 19 тамыздағы санындағы Қыз­ғалдақ Айтжанның «Аңқау ел­ге арамза жылқышы ма?» деген мақаласы себеп.

Біз қазақ халқы, ата-бабаларымыздың жазылмаған, бірақ, ғасыр­дан-ғасырға еш өзгеріссіз, орын­да­лып келген, ағайын-туыс, көр­ші-қолаң, бір-бірімізге пана болып, біріміздің жетпегенімізді бі­ріміз жеткізіп, таяу қоныстанып, ғұмыр кешкен халық екенімізді, осы ғұ­мырымда өз басымнан да кештім жә­не тарихтан да жақсы білеміз. Ке­ңестік дәуірдің алғашқы жылдарында, ағайын-туыс бірігіп, колхоз болып, әркім халықтың игілігі үшін, өз үлесін қосқан кезеңінің де куәгері едім. Тіпті, соғыс жылдары паналап кел­ген өзге ұлттарға да, аузымыз­дан жырып беріп, жан сақтатып, ба­уы­рымызға басқан халық едік. Ал, қазіргі таңда кім болып, қайда бара жатырмыз? Бұл күнде өтірікші, өсекші, жемқор-жауыз, өзге түгілі өзіміздің туыс-жақынымызға да, бір­ге туғандарға да жаны ашымайтын, пайдакүнем, барымташы, алаяқ, қатыгез, есебін тауып, екі жегіштердің көп екенін естіп, біліп, көріп жүрміз. Сөзім дәлелді болу үшін өз басымдағы жағдайды айтсам.

2014 жылы жазда мал ұстауға шамамыз келмеген соң ақсақалым екеуміз жылқыларымызды жақын-жуық жылқышыға қостық. Амантай ақсақалдың аталас жақын туысы. Дәмге шақырысып, өлік-тірікте бас қосып жүретінбіз. Қазақта «Жаны қысылса, жақынын табады» деген сөз тегін айтылмаса керек. Жанымыз қысылған соң жаны ашитын туысымыз деген ойда едік. Үлкен үш биені, соңындағы құлындарымен және тай-жабағылары бар, бас аяғы екеуі еркек тай, басқасының барлығы ұрғашы үлкенді-кішілі 11 басты ауылынан 10 шақырым жайлауына екі жүк көлік жалдап апарып бердік. Атшаптырым қорасына қамап алды. Сол апарғаннан 7 жыл өтті жылқылардың қайда екенін де білмейміз. Не бір соғым да берген жоқ. Тек 2018 жылы ақсақал өмірден озғанда бір жылқы және жылына 1 жылқы берді. Басында келісімшарт дегенді білмедік. Кейін жылқышы тізімдеп алғанда тізіміне қол қойып берді де, келісім шарт жасаудан бас тартты. 2020 жылы мамыр айында тізіміне қоса «келісім шарт жасайық» дегенімде, «Мен сенен мал алғам жоқ» деп кетіп қалды. Кейін арасына күндер салып, қазақшылық ниетпен өзіне де, анасына да бірнеше өтініп бардым. Бір жыл өтті осы жағдайға байланысты жергілікті соттың да табалдырығын тоздырдым. Бірақ, сот қараусыз қалдырды. 61 жыл жұ­бай­лық ғұмырымызды өткізген ақсақалыммен екеуміздің адал еңбегімізбен жинаған малымыздың бір тұяғына да қол жеткізе алмай қалып отырмын.

Қазақта: «Ауылына қарап, азаматын таны» деген сөз де бар. Азаматтары осындай болса, ауылы қандай? Менің жазықсыз жемтік болғаным, алдымен, халықтың сотымен, заңында талқыланса екен. Себебі, халықтан биік заң да, заңгер де, сот та жоқ екені айдан анық. Кім қалай ойлайды?

Хат иесі 86 жастағы Шәрбан Мұхаммедияқызы. Жаңаарқа ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button