Жаңалықтар

Барлық қуат көздері тексеріледі

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев №3 жылу электр орталығына (ТЭЦ-3) арнайы барып, кеңес өткізді. Онда 28 қыркүйекте болған апат бүкіл қаланы жарықсыз қалдыр­ған-ды. Аймақ басшысы мән-жайды түсініп, мұндай жағдай қайталанбауы үшін тиісті шара қабылдауды мұқият талап етті. Сонымен қатар, жақын арада барлық энергостансаның дайындығын екі рет тексеріп, қосалқы жабдыққа ерекше назар аударуды тапсырды.

– Мұндай жағдай болған емес. Бірден екі станса нөлге түсіп қалды. Шаралар жедел қабылданды, бірақ сұрақтардың туындайтыны анық. Жақында жылыту маусымы басталады. Бізге бәрі жақсы өтетініне кепілдік қажет. Қазір комиссия құрылып, болған жағдайдың се­бептері анықталады. Жұмыс тобы жағдайды түбегейлі бағалап, барлық стансаны екі рет тексеруі керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің департамент басшысы Ернар Хасенов комиссияға мамандар мен сарапшылардың кіргенін хабарлады.

Айтуынша, тергеу он күнге созылады. Қорытындылай келе, себептерден басқа, мұндай жағ­дайларға жол бермеу бойынша ұсыныстар беріледі.

Кеңесте ЖЭО-3 қазір штаттық тәртіпте жұмыс істейтіні туралы мәлімденді.

– Станция жылу беруге дайын. Біз жылыту маусымына қалыпты түрде кіреміз және қалада жылу болады деп жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз, – деп сендірді «ККС» ЖШС директоры Сабырғали Ыдырысов.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button