БАНК ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ
Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жиған-тергенін салып, баспаналы болғысы келетіндердің қатары көбейіп келеді. Осыған орай, жақында Жезқазғанда аталмыш банкінің өкілдігі салтанатпен ашылды.
Бұрын бұл банкінің салымшылары депозит немесе басқалай мәселелері бойынша 500 шақырым жол жүріп, Қарағандыға сабылатын. Жезқазған өңірінде қос қала мен маңайдағы ауылдарды қосқанда 200-ге жуық халық тұрады. Өкілдіктің ашылуы Ұлытау мен Жәйремге дейінгі аралықтағы осы тұрғындарға қолайлылық туғызуда. Олардың арасында жинақ банкісінің қызметіне жүгініп, үй алуға ынта білдірушілер аз емес. Қазіргі кездің өзінде аймақта 3 мыңнан аса банк салымшылары бар екен. Олардың 500-інің көрсеткіштері тұрғын үй заемын алуға жетіп отыр. «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіретін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін «Өз үйім» атты дағдарысқа қарсы бірегей бағдарлама жасап шығарыпты. Өкілдік қызметкерлері үш бағыттан тұратын осы және банкінің басқа да жобаларын өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіруге кірісті.
Амандық РАХҰЛЫ
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.