«Баланың біріне бер»

    Иә, біздің қазақ «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» дейді. Көненің сөзі көмескі тартқан емес. «Мектепке жол» республикалық акциясының мән-мағынасы да осы тәмсілмен сабақтас.

Алдағы сейсенбі, 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Қайырымдылықты ту еткен шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Акцияның мақсаты – аз қам­тылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды оқу жылына әзірлеу. Көмекке зәру ұл-қыздарға қол ұшын беру.

Осыған орай, облыстың білім басқармасы «Жедел желі» телефон байланысын да ұйымдастырған (41-22-88).

Сондай-ақ, акция аясында қайырымдылық шаралары, мектеп жәрмеңкелері өткізіледі. Аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қажетті мектеп жабдықтары мен киім-кешектер қа­былдау бекеттері ашылады.

Ел көлеміндегі мұндай игі іс біздің аймақта дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Атымтай жомарт атанбаса да, жас буынға азды-көпті көмек беремін деушілерге де білім ошақтарының есігі айқара ашық.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.