Приозерск

“Балаларымының болашағы үшін дауыс бердім”

Приозерск қаласының орталығында орналасқан №259 сайлау учаскесіне көпбалалы Батыр ана Әсия Абибуллаева келіп, өз дауысын берді.

– Еліміз үшін саяси науқанда ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жіті көңіл бөлінуде. Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс беруге келдім. Шешуші сәтте қарап қалуға болмайды. Биылғы жылдың «Балалар жылы» деп аталуы да зор мақтаныш. Бүгінде Үкімет тарапынан қолдаулар бар, ай сайын жәрдемақыны тұрақты алып тұрамыз. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын, – дейді Батыр ана Әсия Абибуллаева.

Нұрдос КӘРІМ

ПРИОЗЕРСК қаласы

Басқа материалдар

Back to top button