Балалар – болашақтың шамшырағы

Құрметті жас жеткіншектер!
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн балаларымызға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салатын мәні терең, ерекше күн. Өйткені балалар еліміздің жарқын болашағының кепілі. Оларға бүгін көрсетілетін қамқорлық пен берілетін тәрбие, ертеңгі болашағымыздың қандай болатынын айқындайды.
Бүгінгі күні мемлекет әр баланың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы, жан-жақты білім алуына барлық жағдайларды жасауға күш салуда.
Қадірлі балалар, әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа, жан жылуына толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, оқуда сәттілік, адал достар және барлық армандарыңыздың орындалуын тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ермағанбет Бөлекпаев,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен Кобжанов,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы