Медицина

Балаларға скринингтік диагностика жүргізді

Аймақта алғаш рет аутизмі бар балаларды қолдау Орталығының мамандары Қарағанды қаласының №3 емханасында балаларға скринингтік диагностика жүргізді. Іс-шара Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орайластырылған.

Скрининг процедурасынан 3 жасқа дейінгі балалар өтті. Процедурадан өткен 4-інен аутистік спектрі бұзылуының белгілері анықталды. Ата-аналарға Аутизмі бар балаларды қолдау орталығына қабылдау бойынша ұсынымдар және аутизм спектрінің бұзылуын одан әрі еңсеру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі берілді.

Осындай аутизмді ерте анықтауға арналған скринингтер бекітілген кесте бойынша 10 сәуірге дейін Қарағанды және Теміртау қалаларының емханаларында жүргізілетін болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button