Жаңалықтар
Балаларға – базарлық
Жаңа-жыл – бүлдіршіндердің асыға күтетін мейрамдарының бірі. Осы мақсатта ҚР Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің 8 жеке атқыштар ротасының офицерлері мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілерінің балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік кеш өткізді.

Іс-шара барысында бүлдіршіндердің көңіл күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, аяз ата мен ақша қар сыйлықтары табысталды.
Іс-шара соңында 8 жеке атқыштар рота командирі капитан Өскенбай Абзал Даниярұлы ізгі тілектерін білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz