Жаңалықтар

Балаларға арналған арнайы SIM-карта пайда болды

Кәмелетке толмағандарды интернеттегі зиянды контенттен қорғау мақсатында елімізде балаларға арналған SIM-карта пайда болды.

Сурет 24.kz

SIM KIDS деп аталатын жоба ұялы байланыс операторларымен бірлесіп әзірленген.  Жаңа SIM-карта зиянды сайттар мен контентті автоматты түрде бұғаттайды.

Картаның басты артықшылықтарының бірі – ата-аналар баласының телефоны дыбыссыз режимде болса да, байланыс орната алады. Сонымен қатар, баланың сабақтағы белсенділігін бақылауға, орналасқан жерін анықтауға, қауіп төнген жағдайда жедел хабарлама алуға мүмкіндік береді. SIM KIDS картасын кез келген адам сатып алып, қолдана алады екен.

Бұл бастама балалардың интернеттегі қауіпсіздігін бақылау мүмкіндіктерін кеңейтіп, ата-аналарға цифрлық кеңістікте балаларын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button