Бас тақырып

Балабақша кезегі реттеледі

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 92,5%-ға жетті. Жыл басынан бастап еліміздің өңірлерінде 64 мың орынға арналған 561 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ын мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуға мүмкіндік берді.

Сурет egemen.kz

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа орындардың ашылуы мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу, реконструкциялау және шағын орталықтар желісін кеңейту, сондай-ақ, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен іске асырылады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуда 13 өңір жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Оның ішінде Шымкент қаласын, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарын атап өтуге болады, – деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.

Бүгінде елімізде 11,6 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленуде.

Қарағанды облысында бүгінде 39 мыңнан аса баланы қамтитын 411 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 11 мыңдай балалар контингенті бар 101 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Биыл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 79,5% -дан 82,6%-ға өсті, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрайды. Бұған 2 мыңнан астам жаңа орын ашылуы есебінен қол жеткізілді.

2023 жылдың аяғында бір балаға бөлінген мемлекеттік тапсырыстың құны қалада 52 954 теңгені, ауылда 59 111 теңгені құрады. 2024 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстың құны 54 506 теңгеге (қала) және 60 747 (ауыл) теңгеге өсті.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button