Жаңалықтар

Балабақшаға жаңа жылдық тарту

№34 мекемедегі жазасын өтеушілер өз қолдарынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдарын Абай ауданындағы балабақшаға сыйға тартты. Мәселен, ағаштан жасалған аю мен қоянның бейнесі салынған мүсінін, қағаздан, жіптен, пенопласт пен табиғи сәндік матриалдарынан әзірленген қолөнер бұйымдарын берген.

Сурет: мекеме басшылығынан алынды

Өтіп бара жатқан қоян жылының символы Мичурин ауылының бас алаңына қойылған. Мүсін ауыл әкіміне тапсырылып, жақын арада шырша жанындағы алаңға орнатылатын болды. 

Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов аталмыш шараның сотталғандар арасында отбасылық құндылықтарды сақтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button