Балқаштық тұрғынынан 86 орам психотроптық зат тәркіленді
Балқаш қалалық полиция бөлімі, есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы қала тұрғынынан 86 орам психотроптық зат тәркіледі.

Тексеріс жұмыстары барысында қала тұрғынынан 12 орам ұнтақ тәрізді иісті зат табылды. Және күдіктінің көрсетуімен қала шетінен оралған 30 орам ұнтақ табылды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері тұрғынның үйінен 44 бума зат тапқан.
– Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда болған дүниелер жалпы салмағы 61,22 грамм психотроптық зат екені белгілі болды. Ұсталған азамат психотроптық заттарды жасыру арқылы сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz