АймақБалқашРесми

Балқаштық сайлаушылар белсенді

Балқаш қаласының сайлау учаскелерінде халық белсенділікпен дауыс беруде. Шағын шаһарда  биыл 34 сайлау учаскесі орналасқан. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірхан ТӘТИБЕКОВТІҢ айтуынша, сайлау учаскелерінде дауыс беру қалыпты жүріп жатыр.

– Қазіргі уақытта сайлау  учаскелеріне келіп,  дауыс берушілердің саны артқан. Бірінші дауыс берген адамдар да елеусіз қалған жоқ. Тізімде жоқ адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тез анықталып жедел түрде мәселесі шешілуде. Денсаулығына байланысты үйінде дауыс беруге өтініш білдіргендерге арнайы бекітілген жауапты адамдар үйлеріне баруда. Биыл Балқаш қаласында 53479 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Балқаштықтар өз таңдауын жасауда, – дейді Мейірхан Тәтибеков.

Қаладағы №5 қазақ орта мектебінде орналасқан №184 сайлау учаскесінде дауыс беруге кезекке тұрғандар қарасы қалың. №184 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Анжелика Беляеваның мәлімдеуінше, таңғы сағат 08.42-ге дейін сайлаушылардың 150-і дауыс беріп үлгерген.

– Бізді сайлаушылардың белсенділігі қуантты. Таңғы сағат 7-ден бастап кезек көп. Дауыс берушілердің көптігі соншалық қиындық тудырып жатқан жоқ. Өйткені, мұнда барлық жағдай қарастырылған. Індетке байланысты талап пен ереже қатаң сақталған. Дауыс беру барысын әр партиядан бекітілген байқаушылар бақылауда, – дейді Анжелика Беляева.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button