АймақБалқаш

Балқаштық кикбоксшы әлем чемпионатына жолдама иеленді

Балқашта ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрам Боранбаевты еске алуға арналған кикбоксингтен республикалық турнир өтті. Оған Астана, Алматы, Шымкент және басқа өңірлерден 40-тан астам спортшы қатысты. Турнирде бақ сынаған балқаштық Нұрсұлтан Сатиев жеңіске жетіп, Португалияда өтетін әлем чемпионатына жолдама иеленді.

Аталмыш турнирге облыс атынан 4 спортшы қатысқан. Солардың ішінен 18 жастағы Нұрсұлтан Сатиевтің ғана қанжығасы майланған. Бұған дейін «ересектер» санатында өнер көрсеткен спортшы «жастар» арасында да жұдырықтасып, түрлі турнирлерден олжамен оралған. Бұл жолы да қарсыластарын ірі есеппен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда балқаштық спортшы Португалияда өтетін әлемдік бәсекеге дайындалуда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button