Бүгін Балқаш қаласында отбасы құрған жас жұбайлар Ернар Ерболатұлы мен Аружан Шәймерден азаматтық міндетін орындау үшін №192 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Ерлі-зайыптылар бұл күні неке қиып қана қоймай, бірауыздан саяси науқанан қалыс қалмауға шешім қабылдаған. Жас жұбайлар өздерінің болашағы олардың дауыстарына байланысты екенін жеткізді.
– Көңіл-күйіміз көтеріңкі, өйткені бұл ел үшін де, өзіміз үшін де өте маңызды күн. Мен әр азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі міндет деп санаймын. Сондықтан, бүгін үйлену тойына қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! – дейді жас отаудың иесі Ернар Ерболатұлы.
Айта кетейік, шаңырақ көтерген жас жұбайлар Ернар Жанатұлы Ақжал кентіндегі «НоваЦинк» ЖШС-де жұмыс істейді. Аружан Құрметқызы болса Абай атындағы Көкшетау университетінің студенті. Балқаш қаласында дауыс берушілер таң атқалы белсенділік танытып жатыр. Әсіресе, жастардың белсенділігі ерекше.
Нұрдос КӘРІМ,
ortalyq.kz
БАЛҚАШ