БалқашБас тақырып

Балқашта жұмыспен қамту орталығы ашылды

Жуырда Балқаш қаласында Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыру пункті ашылды. Игі шараға шаһар басшысы Александр АГЛИУЛИН қатысып, жаңа нысанның жұмысымен танысты.

Аталмыш пунктті іске қосудағы мақсат – жастарға және жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру. Сондай-ақ, тегін курстарда оқуға және өз ісін ашуға мүмкіндік беретін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жайлы жан-жақты ақпарат ұсыну.

Пункт заманауи үлгіде жабдықталған. Кеңес алуға ниетті азаматтарға жұмыспен қамту орталығының мамандары және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері қызмет көрсетеді.

Басқа материалдар

Back to top button