Балқашта экологиялық сағат өтті
Өткен аптада облыстық экология департаментінің өкілдері Балқаш қаласы әкімдігінің қызметкерімен бірлесіп, құрамында сынабы бар қалдықтарды жеке жинау және жинақтау тақырыбында «Sulpak», «Электрик» дүкендерінің өкілдерімен көшпелі экологиялық сағат өткізді. Бұл іс-шара ҚР Экологиялық кодексінің 351-бабы 1-тармағының 10, 12, 13 және 14 тармақтарына сәйкес жүргізілді.
Экологиялық сағатты өткізу кезінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй бөлімі қалдықтардың осы түрін жинау үшін 13 контейнер сатып алды. Контейнерлерді медицина колледжі, қалалық аурухана, Балқаш қалалық көпсалалы колледжі, №1 емхана, №2 «Гүлдер» емханасы мен Сейфуллин көшесінің бойына қойды.
Кездесу қорытындысы бойынша осындай тауарлардың теріс әсерін азайту мақсатында сынап қалдықтарын жеке жинақатауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz