БалқашБас тақырып

Балқашта 300 оқушы күй тартты

Балқаш қаласында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын ту еткен «Ұлы Дала мұрагерлері» республикалық форумы өтуде. Оған 3000-ға жуық адам қатысуда.

23 мамыр күні басталған жиын барысында қала мектептерінде жаңа технологиялар негізінде ашық сабақтар өткізіліп, қалалар мен аудандардан келген мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.

Ілкімді шарадан өнерлі оқушылар да қалыс қалмады. Балқаш қаласы М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының алдында 300 оқушы күй тартты. Сондай-ақ, мектеп оқушылары спорттық шаралардағы жетістіктерін паш етіп, қолөнер туындыларын да көпшілік назарына ұсынды.

Басқа материалдар

Back to top button