Балқаш қаласында сабын шығаратын цех іске қосылды

Балқаш қаласында табиғи сабын шығарыла бастады. Өндіріс ошағында аталмыш өнімді өндіру үшін жануарлардың майы химиялық қоспаларсыз қолданылады. Шикізатты жергілікті шаруалар жеткізеді. Цехты сабын жасау технологиясын зерттеген жаңадан бастаған кәсіпкер ашып отыр. Әзірге кәсіпорын Балқаш мыс қорыту зауытына өнім жеткізуде. Алдағы уақыттта өндіруші облыс тұрғындарын да жергілікті сабынмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

– Бизнесімді бастамас бұрын Алматыдан арнайы білім алып, сабын жасау технологиясын үйрендім. Кейін 3 милион теңгеге қажетті қондырғы сатып алып іске кірістім. Бүгінгі таңда тәулігіне 2 мың дана сабын шығарамыз. Сапаға үлкен мән берудеміз. Сұйық сабын шығаруды да ойластырып жатырмыз. Сабынымызды брендке айналдырып, облыс тұрғындарын да қамтамасыз еткіміз келеді, – дейді кәсіпкер Ержан Жандығұл.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.