АймақБалқаш

Балқашқа жаңа автобустар келеді

Балқаш қаласындағы шағын және тозығы жетіп, жұрттың наразылығын тудырған ескі қоғамдық көліктерді енді жаңа автобустар алмастырмақ. Жақында қалаға жаңа 29 автобус келеді. Бұл туралы «ОрталықТрансСервис» ЖШС бас директоры ­Рустам Исаев мәлімдеді.

– Қала тұрғындары үшін өте қолайлы автобустар қатынайтын болады. Сыйымдылығы үлкен автобустар Балқаштың климатына сәйкес келеді. Отандық өнім. Біздің талабымызға сәйкес автобусты мейлінше жолаушыларға ыңғайлы етіп жасаған. Заманауи үлгідегі ұзындығы 10,5 метр болатын іші кең өте қолайлы. Сонымен қатар, қыс айларында автобус ішін жылыту үшін пештер саны көбейтілген. Балалы жолаушылар мен мүгедек адамдарға  арнайы орындар бар. Олар басқа орындарға қарағанда ерекшеленіп тұрады. Жаз айларында қапырық ыстықты басатын кондиционері, камерасы бар, – дейді Рустам Исаев.

Айта кетейік, қазір қалаішілік жолаушыларды тасымалдау­ға 25 автобус жұмыс жасауда. Осы айдың соңына дейін қалаға жаңа қоғамдық көлік келеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, жұртшылықтың жаппай наразы­лығын тудырған ескі көліктер мәселесі біржолата шешілмек.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button