Жаңалықтар

«Бай болсаң, елге пайдаң тисін…»

Нұра ауданының кəсіпкері Гүлзада Маханбетова əлеуметтік осал топқа жататын бес отбасының балаларын мектепке даярлады. Ауданда жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық челленджі басталды.

Кəсіпкерлер аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кəмелетке толмаған жасөспірімдерге материалдық көмек көрсетуге ниетті.

Биыл челленджге бірінші болып кəсіпкер Гүлзада Маханбетова қатысты. Ол бес отбасының балаларына мектепке керек-жарағын алып берген. Мұнымен бірге азық-түлік жиынтықтары мен көкөніс себеттерін қоса табыстап қуантқан.

– Өзім көпбалалы анамын. Менің бес балам бар. Оларды кейде мектепке дайындау қаншалықты қиын шаруа екенін бір адамдай білемін. Сондықтан, жыл сайын көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға барынша көмектесуге тырысамын, – дейді Гүлзада. – Осы арқылы аудан кəсіпкерлерін мұндай игілікті бастамадан қапы қалмауға əрі аталған қайырымдылық челленджін жалғауға шақырамын. Біз ынтымағымызды нығайтып, аса мұқтаж жандарға көмектесе алатынымызды түйсінетін уақыт келді. Біздің мақсатымыз – мүмкіндігімізше көп отбасын қамту. Акцияны Нұра ауданының кəсіпкерлік бөлімі де қолдады.

Əлеуметтік қолдау бастамасы жергілікті кəсіпкерлер арасында қызу қолдау тапты. Олар игі бастаманы əрі қарай жалғастыруға дайын.

Бұған қоса, Нұра ауданында əлеуметтік дүкен ашылған. Тұтынушыларды нарықтық шектен төмен бағамен азық-түлік тауарларының үлкен ассортименті күтеді.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button