Жезқазған

Баба тойы – бірліктің тойы

Құрметті редакция!Биыл Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы аталып өткені баршаға мәлім. Ел күткен тойға жер-жерден жетуге асыққан халықтың қарасы қалың болды. Соның бірі – мен.

Алыстан ат сабылтып, тойдан бір күн бұрын Егіндібұлақтың іргесіне біз де жеттік. Ауылға жақындаған сайын көзге түскен шам жарықтары өткен күндерді көз алдымызға әкелгендей. Қалай қуанбассыз?!

Балқантау, әдемі де сұлу табиғаты, сылдырап аққан бұлақтары мен аққайыңдары бәрі де – сол қалпында…

Ауыл шетіне кіреберістегі «Бәйтерек» стелласы өз орнын тапқандай екен. Бұл нысан – елім, жерім деген азаматтардың мерейтойға деген сыйы. Осындай игі бастамалар толастамаса екен деген ойға баттық.

Бабаның тойына орайласқан іс-шараларды көріп, ішіміз жылыды. Игілікті істер әлі де жалғасар деп сенеміз. Бастысы, халықтың басын қосқан шара – елдің сәнін кіргізді.

Шалғайда жатқан елге ат шалдырып, киелі ата-баба топырағына тағзым етер азаматтар қатары тола берсін!

Халықтың ризашылығына бөленіп, алғысын алғанға не жетсін?!

Қарлығаш БӘКЕНҚЫЗЫ.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button