Жаңалықтар

Бақұл бол, Қайрекем!

Сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Сен туралы не айтуға болады, не жазуға болады, Досым-ау?
Тұтас Арқа жұрты «Ақ періште ақыным» деген ақеділ азамат едің ғой. Мына жалғанға пәк болып келіп, жаныңа дақ түсірмей аппақ болып кетіп бара жатырсың. Өлеңдерің қандай мөлдір болса, жан дүниең де сондай кіршіксіз еді ғой, Қайратжан!

Қиямет деген рас болса, дәл сол күні саған қызығып һәм қызғанып қарайтындардың қарасы мол болатын шығар. Өмірдің базарына іркес-тіркес болып, енді келіп тұрғанда неге кілт бұрылдың екен?..

Төбеме жәй түскендей әлі есеңгіреп отырмын. Сені кетті дегенге қу жүрек сенбейді ғой сол. Дәл қазір жылаудан басқа қолдан түк келмей отыр. Қандай азамат едің?! Не деген суық хабар еді мынау?! Алла мейіріміне бөлесін сені. Өзің де адам баласының бойынан мейірім ғана іздеп жүруші едің. Әй, соны таппай кетіп бара жатырсың-ау, жарқыным!

Алдың пейіш, артың кеніш болсын, Қайрекем. Барша әдебиетсүйер Арқа жұртына қайғырып көңіл айтамын! Қош бол, қайран досым!

Бағдат МҮБӘРАК

Басқа материалдар

Back to top button