Бас тақырыпЖаңалықтар
БАӘ-де екі қазақстандықтың мәйіті табылды
Шарджа қаласында (БАӘ) Қазақстан азаматтары Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованалардың мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

БАҚ мәліметінше, апалы-сіңлілі қыздар 2025 жылғы желтоқсанда Дубайға жұмыс істеуге барған. Олар 17 тамыздан бастап жақындарымен байланысқа шықпай, хабарламаларға жауап бермеген.
Туыстарының өтінішінен кейін қыздарды іздеу басталып, олар Шарджадағы пәтерден өлі күйінде табылған. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталған. БАҚ мәліметінше, ол да Қазақстан азаматы.
ҚР СІМ күдікті ұсталғанын растады. Қазір БАӘ құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың туыстарына консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



