Жаңалықтар

Бағдат Мусин: Қазақстандықтар видеоны YouTube-тан жарнамасыз көретін болады

Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.

«Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.

YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.

Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар» – деп атап өтті министр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button