Бағдарлама игілігі – баршаға

2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында биыл наурыз айынан бастап аймақта жастарға жеңілдетілген шағын несие беру жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаның арқасында 25 жас кәсіпкер өз кәсібін ашып, кәсібі барлар әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, 40-тан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Осы жылдың шілде айында Айман Бекеева 5 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген шағын несие алып, 3 жұмыс орнын ашқан. Одан бөлек, 10 жеке кәсіпкер бизнесін кеңейтті.

Жоба аясында «Түсіпов» ЖШС медициналық орталығы қажетті электроэнцефалограф сатып алды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.