Жаңалықтар

Бағдарлама – білім бастауы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының білім саласында маңызы – айқын. Ең бастысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде, мектептер үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне айналуда». Бұл маңызды құжат мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге мүмкіндіктер ашады.

Осы мақсатта рухани білім беру бағдарламасын дайындау және жетілдіріп отыру негізгі міндеті болып табылатын іс-шаралар жоспары жасалды. Жаңашылдықты ескі әдістерімен оқытуға болмайтыны аян. Сондықтан да, бағдарламаны жүзеге асыру аясында жобаның әдістері оқу-тәрбие үрдістеріне кеңінен енгізілді. Біздің таңдауымыздың негізінде тәрбие және білім қағидасы тұр. Жобаның қызметі сөзден іске көшіп қажетті қолданбалы икемділіктерге ие болуға мүмкіндіктер туғызу.

Нақты айтар болсақ, мектебімізде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріне, өскен ауылына, қалаң мен өңіріне яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Тәуелсіз еліміздің оқушысын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі – тарихи-өлкетану жұмыстарын пайдалана білуді үйрену мектепте туған жердің тарихын оқыту ісіне назар аударады. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің ауылдық жердегі мектептерде ұйымдастыруға ұсынған «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектепте тарих, биология, география, тіл және әдебиеті пәнінің ұстаздары іс-шаралар жоспарын әзірлеп, көрсетілген мәселелер төңірегінде зерттеулер жүргізіле бастады.

Туған жерін қорғау жолында қан майданда ерен ерлік көрсеткен ауылдастарымызға орнатылған ескерткішті қорғау, абаттандыру жұмыстарын оқушыларымыз сүйіспеншілік сезіммен орындайды. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім, ардагерлерге құрмет, Отанына адал қызмет ету мақсатында Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын, мерекелерді тарихи ескерткіштің жанында өткізу дәстүрге айналды.

Мектебімізде ашылған «Тағылым» туристік-өлкетану үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. «Тағылым» үйірмесінің мақсаты: туристік-өлкетану қызметі арқылы оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанға, елге деген құрметі пен мақтанышын нығайту. Туған елінің тарихи тұлғалары мен ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге тəрбиелеу, туристік шеберлікті меңгерту жəне үйретуді көздейді. Оқушылардың өз өлкесіне тəн негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік əрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу əрекеттерінің алгоритмі болып табылады.

Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие жəне туған өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді. «Шеберліктің шегі жоқ» қолөнер үйірмесі халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы-қолөнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі ақылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп, сәндік қолөнерді дамыту мақсатында жұмысын жалғастыруда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру- әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды жолдары» тақырыбындағы қанатқақты жобаны жүзеге асыру қолға алынған.

Білім ордасында этнопедагогикаға байланысты ұлттық жаңашыл қызықты идеяларды оқу үрдісіне еңгізуде де біршама жұмыстар жүргізілуде. Этнопедагогикаға байланысты тәрбие сағаттарын өткізу барысында ұлттардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан жүйелі түрде тәрбие сағаттарын өткізіп келеміз. Мысалы, «Шаңырақ қауымдастығы» арасында өтетін интеллектуалды ойындарда оқушыларымыз айырықша біліктілік пен іскерлік таныта отырып, орыс, үнді, өзбек, әзірбайжан, корей, түрік, араб және т.б ұлттарының озық дәстүрлерін кеңінен насихаттай білді.

Елбасы ұсынған бағдарламалардың бірі – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын айрықша айтуға болады. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен бабаларымыздың, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Бүгінгі жерлестеріміздің жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» дегенін басшылыққа ала отрып, «Біз мақтаныш ететін ұлы тұлғалар» тақырыбында жоба бастадық. Яғни, туған жерімізде қажырлы еңбек еткен тыл және еңбек ардагерлері, өнер майталмандары, мәдениет қайраткерлері, спорт шеберлері таға да жеке тұлғаларды бүгінгі жастарға үлгі өнеге етуде бастау алған жобаның жүгі ауыр.

Бүгінгі өскелең жас ұрпақ ұлттық рух пен ұлттық сананы жаңғыртуда болашаққа бағытталған үкілі үміт, асқақ арман абыройлы парыз деп қана қабылдамай төл міндет пен тегеурінді талап деп ұғынғандары абзал. Ал, мектебіміздегі бастау алған рухани жаңғыру бағытындағы іргелі істер өз жалғасын таба беретіні даусыз.

Қ.ҚАПАШЕВА,

Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі

директорының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button