Жезқазған

Бағдарламаға қолдау көрсетті

Мемлекеттік «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының бастау алуына 3 жыл толуын жезқазғандықтар үш шақырымдық қашықтыққа жүгіріп атап өтті. Қалалық деңгейдегі іс-шараны жастар ресурстық орталығының қолдауы негізінде бизнес және көлік колледжі ұйымдастырды.

«Мен «Серпінді» қолдаймын!» бұқаралық флеш-моб акциясы аясындағы маңызды спорттық шараның бастамашысы һәм бас демеушісі – ҚХА мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, танымал білім меценаты Бекзат Алтынбеков.

Үш шақырымды еркін еңсерген жеңіл атлеттердің жасы ең кішісі Ілияс Диханбай мен жасы үлкені Медет Әбдікамал. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, қаладағы индустриалдық-гуманитарлық колледж бен бизнес және көлік колледжінің студенттері, сондай-ақ, №13, №21 орта мектептердің оқушылары да марапаттан тысқары қалған жоқ.

Мерекелік бағдарлама сонымен қатар, арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күресі секілді спорт түрлерінен өткізілген сайыстарды да қамтыды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button