Бәрі де болашақ үшін
Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы жөніндегі референдум еліміздің энергетикасын дамыту тарихындағы маңызды қадам болғаны сөзсіз. Дауыс беру қарқыны халықтың аталған тақырыпқа зор қызығушылығы мен айқын әрекетін дәлелдейді. Бұл маңызды мәселенің азаматтар үшін де, келісті келешегіміз үшін де мәні терең екендігі ақиқат!
Ендігіде референдум қорытындысы негізіндегі қабылданар тағдыршешті шешім Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін берік негіз қалайды. Электр энергиясын тұтынудың өсуі және көміртегі шығарындыларын азайту қажеттілігі жағдайында атом электр станциясы елдің энергия балансының негізгі элементі бола алады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық аренадағы жасыл энергетикадағы көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтып қана қоймай, ел ішінде технологиялық және экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жаратады.
Дегенмен, бұл белесті ойдағыдай бірлікте өткеру аса жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осы орайда қандай шешім қабылданса да, алдымен барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтарды әрі қарай да энергетикалық көкжиегіміздің кеңеюі жолындағы негізгі кезеңдерін талқылауға белсенді тарту қажет деп ой қорытамыз. Қоғамның сенімі мен қолдауы – бұл бастаманың сәттілігінің маңызды құрамдас бөлігі.
Осылайша, референдум жай ғана дауыс беру емес, Қазақстанның энергетикалық егемендігі мен орнықты болашағы екендігін естен екі елі шығармау қажет екендігіне мән береміз!
Амиран МАХАМБЕТОВ,
қоғам белсендісі.