Жаңалықтар
«Бұл – азаматтық парызым»
Бүгінде бүтін қазақстандықтар ел болашағы үшін шешім қабылдауда.
Ел ертеңіне өз дауысының маңызы барын түйсінген әр азамат дауыс беруден қалыс қалмақ емес. Олар бұл саяси науқанның мәні зор деп біледі. Қоғам белсендісі, «Parasat»ҚБ төрағасы Майра Абдрахманова да осындай пікірде.
– Бұл саяси науқанның маңызы өте зор. Былтырдан бері осы тақырып төңірегінде түрлі деңгейде пікірталас жүріп, халық ақпараттанды. Соның бәрін ой елегінен өткізген қазақстандықтар бүгін өз таңдауын жасайды. Мен де өз таңдауымды жасадым. Бұл жай ғана таңдау емес, бұл – менің азаматтық парызым. Ел тағдырына келгенде селқостық танытуға болмайды. Үкімет халыққа құлақ асып отыр. Халық өз кезегінде үнсіз қалмауы тиіс.Сайлау учаскесінде бәрі ретімен тұр. Сақадай сай. Байқаушылар да тапжылмай, бәрін бақылап отыр. Бәрі әділ өтетініне сенімдімін, – деді Майра Абдрахманова.
Ерік НАРЫН,
ortalyq.kz