Бүгінгі балдырған – ертеңгі ел тірегі

    Кеше 2 желтоқсан – отбасылық құндылықтар күні жалпыұлттық «25 жұлдызды күн» акциясы аясында облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен «Кең дала» шағын ауданында «Шаңырақ» балабақшасының салтанатты ашылуы болды.

Аймақ басшысы балабақшаға теледидар мен электрондық пианино тарту етті. Жаңадан бой көтерген шағын ауданның тұрғындары бұл оқиғаны көптен күткен. Бірегей жоба бойынша іргесі қаланған 3 қабатты балабақшаның тағам жеткізетін лифтісі де бар. 320 орындық мектепке дейінгі мекемеде барлығы 16 топ бар. Барлық бөлмелер санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай тұрғызылған. Тәрбие мен білім беруге арналған жақсы материалдық база жасалыпты. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары да ашылды. Қарағандылық 80 азамат жұмыспен қамтылды.

Балабақшалардың барлығы бүгін біз ашылу рәсімін жасаған мектепке дейінгі білім мекемесіндей бюджет есебінен тұрғызыла бермейді. Біздің кәсіпкерлер жекеменшік балабақша салу туралы ұсыныстарымызды қабылдап, бұған да тиімді табыс көзі ретінде қарауда. Бүгінгі күні облыс көлемінде 27 жекеменшік балабақшаның іргесі қаланды. Біз бұл жұмыстарды бұдан әрі де жалғастыра беруге мүдделіміз. Алға қойған жоспарларымыз да жоқ емес, – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.