Бас тақырып
Бүгін – Жалпыхалықтық референдум
Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты референдумда дауыс беру басталды. Ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты шешім қабылдайды. Ол үшін АЭС-ті қолдап, немесе қарсылық білдіріп дауыс береді.
Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум.
Айта кетейік, еліміздің 84 учаскесінде дауыс беру таңғы алтыда басталды. Оның ішінде әскери учаскелер мен кейбір вахталық ауылдар бар. Бұл осы учаскелердегі жұмыстың немесе қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.
Ал қалған (10 мыңнан астам) учаскеде дауыс беру таңғы 07.00 шамасында басталады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА