Бүгін төрт жылда бір келетін – 29 ақпан
Бүгін – төрт жылда бір рет келетін ақпанның 29-ы, яғни бұл жыл – кібісе жылы. Төрт жылда айналып келетін артық күнді қыс пен көктемнің түйісер тұсы — ақпанның соңына кіргізіп қойған. Яғни әрбір төртінші жыл 366 күнді дөңгелектейді. Сөйтіп, Кібісе жылының қарапайым жылдан бір күн артықшылығы бар.
Кібісе жылы дегеніміз не?
Кібісе жылының пайда болуы ежелгі Мысырдан бастау алған. Осы елдің ғалымы Сотис сонау жылдардың өзінде «Сүмбіле» ең жарық жұлдызын біраз уақыт зерттеген. Оның таңертеңгілік оңтүстік көкжиектен көрінуінен бастап, әр жылдың 365 күннен тұратынын анықтаған. Ал Сотистің Сүмбіле жұлдызын зерттеуі көктем кезінде ағыл-тегіл таситын Ніл өзені суының шаруалардың үлкен еңбекпен еккен егістік алқаптарын шайып кетуіне байланысты болды. Осылайша, жұлдыздардың жай-күйін терең зерттеген египеттік ғалымдар күндерді жаңылмай санай отырып, халыққа Сүмбіленің туатын мезгілін дер кезінде ескертіп жүрді.
Қазақстанда 5110 адам 29 ақпанда дүниеге келген екен.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА