Бас тақырып
Бүгін – Құтқарушылар күні
1995 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан құтқарушылардың кәсіби мерекесі болып белгіленді.

Азаматтық қорғау саласы қызметкерлеріне табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Халық игілігі мен табиғат құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, көптеген адамның өмірін сақтап қалған құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.