Жаңалықтар

Бүгін қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз – 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Бүгін де ақиық ақынның туғанына 92  жыл толып отыр. 

Сурет: martebe.kz

Ақиық ақын Алматы облысы сол кездегі Нарынқол ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның азан шақырып қойған есімі – Мұхаммедқали. Бірақ туғандары оны Мұқағали деп еркелеткен екен. Ресми құжат бойынша Мұқағали 1931 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген. Сондықтан оның туған күні деп осы уақыт атап өтіліп жүр.

Мұқағали – үйдің тұңғышы, әкесі қарапайым шаруа болған. 1941 жылы әкесі Калининград майданында қаза тапқан. Осылайша, 10 жастағы Мұқағали әкесіз қалып, соғыс ауыртпалығын бала кезінен сезінген.

Мұқағали болашақ жарын алғаш көргенде 17 жаста болған. Сөйтіп, ақын махаббаты Лашынмен қосылып, 1949 жылы екеуі отау құрған. Мұқағали мен Лашын өмірге алты бала әкеледі. Бірақ екі үлкен қызы ерте қайтыс болған. Кейін Жұлдыз, Алмагүл, Айбар және Шолпан есімді балалары дүниеге келеді.

Қазақтың мұзбалақ ақыны

Ақын Мұқағали Мақатаевты халық арасында “қазақтың мұзбалақ ақыны” деп те атайды. Жалпы мұзбалақ деп бес жастағы бүркітті атаған. 

Жалпы қазақ құсбегілері бүркітті сынына қарай бес түрге бөлген екен. Соның бесінші сыны – бітімі зор, көзі шүңгіл, балапан кезінде жүні қара, балақ жүні шудалы, ақ білек, ақиық, жүнінің ұшында ақ бұршағы бар құсты құсбегілер Алтайдың ақиығы деп атайды. Бұл қарлы биік тауларда, әсіресе, Алтай тауында көбірек кездеседі. Мұндай құстар, көбіне қоңыр аңдарға құмар келеді. Тау ешкі, қара құйрық, елік сияқты аңдарды ұстап жейді. Бұл нағыз мұзбалақ қыран. Яғни мұзбалақ сөзі бүркіт пен қыран құсқа байланысты қолданылады.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button