Бас тақырыпОблыс әкімі

Бүгін Қарағандыда Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

23 қаңтар күні Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«23 қаңтарда Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі –  қуаттылығы 100 мгВт болатын «Саран» күн электр станциясын ашу жоспарлануда. Аталған іс-шараға ҚР СІМ өкілдері мен Германияның Қазақстандағы елшісі Тило Клиендердің қатысуы көзделуде. Жобаны «Canadian Solar Incortoration» компаниясынан 300 мыңнан астам күн модулін қолданатын Германия, Чехия және Словакия республикаларының инвестициялық тобы жүзеге асырады», – деді бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бұдан бұрын аталған жоба «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Қазақстан павильонында таныстырылған. Еске сала кетсек, өткен жылы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 160 гектар аумақты алып жатқан Сарандағы күн электр станциясы жуық арада жұмысын бастайтынын мәлім еткен еді.

«Осы жылдың ең жарқын жобаларының бірі туралы айта кетейін. Ол – Орталық Азиядағы қуаттылығы 100 мгВт болатын күн электр станциясы. Нақтырақ айтсам, Саран қаласында 160 гектар аумақта 307 мың күн панелі жұмысын бастайды. Ерекше атап өтерлігі, осы күн электр станциясынан бөлінетін энергия – Саран секілді он бірдей қалаға жеткілікті болады», – деген еді Ерлан Қошанов.

 

Басқа материалдар

Back to top button