Бұқар жырау даңғылының жол учаскесі жөндеу жұмыстарына жабылады
Қарағандыдағы Бұқар жырау даңғылының жол учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады.
– 6 маусымнан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Бұқар жырау даңғылы бойынша Гончарная көшесінен Дүйсембеков көшесіне дейінгі аралыққа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әзірге жолдың бір жолағын жауып тастаймыз. Соның салдарынан кептеліс туындауы мүмкін. Уақытша қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз!, – делінген Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz