Жаңалықтар

Бұқар жырау ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде

Ауданда негізгі су тасқынына дайындық жұмыстары өткен жылдың жаз-күз мезгілдерінде облыстық инженерлік-құрылыс жұмыстары жоспары аясында жүргізілген болатын.

Ақжар және Жастілек ауылдарындағы жергілікті маңызы бар жолдардағы құбырларда су өткізуді арттыру жұмыстары жүргізілді. Жаңаталап ауылындағы қорғаныш бөгеті нығайтылды, Доскей ауылында су өткізгіш құбырларды төсеу жұмыстары аяқталды. Баймырза ауылында диаметрі 500 мм 15 су өткізгіш құбыры орнатылып, №4 Новоузен ауылдық округінің бөгетін толтыру және нығайту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда облыстағы жағдай тұрақты. Елді мекендерден 36 мың текше метрден астам қар шығарылып, 7,5 шақырым каналдар мен траншеялар кесілді, 8,2 шақырым арықтар тазартылды.

Барлық меншік нысандарындағы жолдарда су өткізгіш құбырлар мен сақиналарды тазалау жұмыстары аяқталуда.

Бұқар жырау ауданында мұзды қопсыту және кесу жұмыстары жалпы ауданы 1800 шаршы метр аумақта 4 учаскеде жүргізілуде.

Облыстың су басу қаупі бар аймақтары мен гидротехникалық құрылыстарға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button