Бұқар жырау ауданында елді мекен жолдары жөндеуден өтпек
Бұқар жырау ауданында тоғыз елді мекеннің кентішілік автомобиль жолдары жөнделеді. Жұмыстар “Ауыл – Ел бесігі” жобасы аясында басталды.
Жалпы, Бұқар жырау ауданында 67,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтпек. Бұл Үміткер, Гагаринское, Ботақара, Шешенқара, Керней, Тоғызқұдық, Ростовка және Ғабиден Мұстафин ауылдарының кентішілік жолдары, сондай-ақ Нұра станциясы.
Бұқар жырау ауданындағы автожолдардың жалпы ұзындығы 1546,2 км.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz