Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған республикалық конференция өтті
Достық үйінде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Қарағандыға іс-шара үшін арнайы Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай-қажы Тағанұлы да келді.
Сонымен қатар, конференцияға Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков пен ҚазТұтынуОдағы Қарағанды университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев және зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен дін қызметкерлері қатысты.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz