Жаңалықтар

Қазына кеуде

Белгілі жазушы, шежіреші, эт­нограф, өлкетанушы Төрехан Майбас ағамыздың ең бірінші қо­ғамдық жұмыстардағы қай­рат­керлігі, іскер ұйымдастыру­шылығын айтқым келеді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын маған телефон шалып, «Нұрлан інім, «Бұланты шайқасы» болған тари­хи жерге, ата-бабалардың басына ескерткіш орнатып, рухына тағзым етіп, Құран бағыштап, тарихи жерлерді аралап, кешенді жұмыстарға өз үлесіңді қосуға қалай қарайсың?» деді. Мен қуана келісіп, бірден дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік. Біраз жігіттердің басын қосып, ақылдасып, атамыздың басына орнататын ескерткіш тасқа тапсырыс беріп, біршама уақыттан соң оны орнатуға бардық.

Айта кету керек, «Бұланты шайқасы» кешені ат шаптырым жерді алып жатыр. Ол жер ау­қымды кешен екен. Сонда бәрін ұйымдастырып, алдын ала керек­ті құрал-жабдықтармен қам­­­тамасыз ету, басқа да ас-су, техника және барып келетін кө­лік, бәрін тап-тұйнақтай ұйым­дастырған шеберлігіне тәнті бол­дым. Қысқасы, аз уақытта ес­керткішті орнатып, аруақтарға арнайы мал сойып, Құран ба­ғыш­тап, тағзым етіп келдік. Төрехан ағаның шығармашылық еңбегіне маман­дар тоқтала жатар. Дегенмен, ға­сырлар бойы депрессияға ұшыраған ұлттық құндылықтарымызды қайта қалпына келтіру мақсатындағы көптеген жұмыстарын айтпай кетуге болмайды. Олар, «Құрмалдық» «Рух», «Ағатай», «Зерде» кітабы, «Тәңірқұт», «Эт­но­графтың жазбалары», «Көк­бөрі Керней дейтін елміз», «Жазығы не еді бабалардың» аза кітабы, бірнеше томдық «Портреттер» кітабы, тағы басқа тарихи-танымдық көптеген шығармаларын көпшілік қауым жылы қабылдады, кеңінен тарады.

Бүгінгі таңда жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы, қарымды қаламгер Төрехан Майбастың мерейлі 70 жасқа толған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ағамызға үлкен шығармашылық табыс, қажымас қайрат, ел үшін еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта түссін дегім келеді.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button