Қазыбек би мешітінде Мәуліт айына орай рухани кеш өтті
Қарағандыдағы «Қазыбек би» мешітінде Мәуліт айына орай «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед» атты рухани-танымдық кеш өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – адамгершілік құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы ізгілік, мейірімділік пен өзара сыйластықтың маңызын кеңінен түсіндіру.
Кеш барысында қазақ және араб тілдерінде Мәуліт оқылып, қатысушыларға Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен өнегесі туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Қатысушылар жақсы мінез қалыптастыру және ізгі істерге ұмтылу жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиында мешіт имамы Асулхан Нұртайұлы адам бойындағы жақсы қасиеттердің маңызына тоқталып, күнделікті өмірде мейірімділік, жауапкершілік пен сыйластықты ұстанудың қажеттігін атап өтті.

Рухани-танымдық кешке мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қатысып, мазмұнды кездесудің куәсі болды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



