Спорт

Азия ойындарына қатысушы спортшылардың алғашқы легі елге оралды

Алматы халықаралық әуежайына Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді. 

 

Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар.

 

Әзірге спорт сайысының төрт күндік нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды.

 

Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

 

Басқа материалдар

Back to top button