Спорт

Азия ойындары: ел қоржынына үшінші медаль түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына үшінші медаль түсті.

 

Қазақстандық Никита Чирюкин оқ ату жарысынан қола медаль жеңіп алды. Спортшы 26 ұпай жинап, жоғары жылдамдықты тапаншадан атудан үшінші болды.

 

Естеріңізге сала кетейік, кеше ел құрамасынан дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола жүлдегер атанды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button