БалқашЖаңалықтар

АЖАРЛЫ «Астана» саяжолы

Осыдан бірнеше жыл бұрын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына тарту ретінде балқаштықтар Камал Қадыржанов атындағы көшеде «Астана» саяжолын ашқан болатын.

Анатолий Галлер

Бұл саяжол бүгінде тұрғындар мен қонақтардың демалып, серуендейтін орнына айналған. Саяжолдың аумағы 23 710 шаршы метрді құрайды. 10301 шаршы метр жер көгалдандырылып,  26607 метр суармалы су жүйесі тартылған. Балалар ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері, денешынықтыру, жаттығу құрал-жабдықтары орналастырылған. Бұдан бөлек, скейтборд тебуге арналған және балаларға арналған ойын алаңы, үлкен көгілдір экранмен жайнай түскен. Кез келген уақытта ауқымды шараларды қалалықтар осы экран арқылы тамашалай алады.

Қараменде би ескерткішінің сол жақ қанатында орын тепкен саяжол қала ажарын ашып тұр. Елдің есінде болар. Бұрын бұл алаң бос, қараусыз, құлазып жатқан. Қазіргі таңда көзге қуаныш ұялатып, түп-түзу тас жолдар төселіп, құйматастармен көмкеріліп, жағалай орындықтар орнатылған аумақ жасыл желекке оранып тұр.

Нұрдос КӘРІМ.

Суретті түсірген А.Галлер.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button