АймақШет

Ажарлы алтын бесік

Мен – Шет ауданы Красная Поляна ауылының тұрғынымын. Біздің ауылда да Наурыз мерекесі дүркіреп өтті. Бұл жолғы мерекенің ұйымдастырылу деңгейіне ауыл халқы дән риза.

Алдымен, ауылда Сандуғаш Алдажарованың ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Онда Қарамұрын елді мекені мен Красная Поляна мұғалімдері және ауыл жастары қатысты. Халқымыздың ұлттық тағамдары мен «Наурыз-көжесінің» түр-түрінен дәм таттық.

Мерекелік шаралар легі ауыл жастары арасындағы қол күресі, қазақ күресі және көкпар жарысына ұласты. Ұлттық спортымызды насихаттауға мұрындық болған – мектебіміздің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Шалқар Кемешов.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздарға марапат көрсетілді. Ауыл ағасы Әбдіқадыр Елубайұлы қаржылай демеушілік жасады. Көкпар жарысында І орын алған Жарық елді мекенінен келген команда – 50 мың теңге, ІІ орын алған Красная Поляна жастары 30 мың теңге иеленді. Тағы бір айта кетерім, Әбдіқадыр ағамыз осыған дейін де бірнеше жылдар бойы мектебіміздің оқушыларын оқуға қажетті құрал-жабдықтарымен, мерекелік сыйлықтарымен қамтамасыз етіп келеді. Жекелеген оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруды да ұмытпайды.

Сондай-ақ, мерекелік шараларды ұйымдастырулардың бірі Берік Рымқұлұлы барлық қатысушыларды өз үйіне шақырып, дастарқан жайды.

Жалпы, ауыл әкімі Сағит Мақажановтың бастамасымен, ауыл халқының қолдауымен туған өлкемізді көркейту жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Алдағы уақытта да ілкімді істер жалғасын табады деген сенім зор.

Айдос КАЛИЛИНОВ,

Қарамұрын ауылының

тұрғыны.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button