Жаңалықтар
Ғажайып қар мүсіндері
Жаңа жыл мерекесіне орай, №34 мекемесінде сотталғандар жасақтарға іргелес аумақтарды Аяз ата мен Ақшақардың және келе жатқан ұлу жылының қардан жасалған мүсіндерімен, сондай-ақ ертегі кейіпкерлерімен безендірді.

Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов атап өткендей, жыл өткен сайын жазасын өтеушілердің шеберлігі артып келеді, бұл олардың пішіндерді жасаудағы шығармашылығымен және күрделілігімен ерекшеленді.
Сондай-ақ, олар мәдени-іс шаралар аясында жасақтарды да безендірді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz