Бас тақырып

Мемлекеттік тілге сұраныс артты

Қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолдану аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағытында қоғам тарапынан талап артып келеді. Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде облыста жоспар әзірленіп, негізгі бағыттар анықталған. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысқан жиында мемлекеттік қызметшілердің тілдерді оқу курстарына қатысуы талқыланды.

Облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Әбеуованың айтуынша тұжырымдаманың тіл үйрету әдістемесін жетілдіру бағытында облыстағы 6 оқыту орталығы мен 8 оқыту курстары жылына 3 жарым мыңдай адамды қазақ тіліне, 2 мыңға жуық адамды ағылшын тіліне оқытады. Қазақ тілін оқыту курстары 2 бағытта жүреді. Осы уақытқа дейін тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тарапынан 560 адам қазақ тілін оқытудың 3 айлық курсынан өткен. 2024 жылы 575 адам қамтылмақ.

Суретті түсірген: автор

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, қазақ тілі курсынан мемлекеттік қызметшілердің 248 – і, ал, ағылшын тілі курсынан 149 – ы өткен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы облыс аумағындағы жергілікті атқарушы органдардың шығыс құжаттарының саны – 205 245-ті құрады. Оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 198 101. Ал, ішкі құжаттардың жалпы саны – 19 418 болса, мемлекеттік тілдегісі – 19 262.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button